Павлодар облысының Шарбақты ауданында «Өрлеу» бағдарламасына 25 отбасы қатысады, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Лариса Рощинаның айтуынша, аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсетуді көздейтін «Өрлеу» бағдарламасы Дүниежүзілік банктің қолдауымен әзірленген. Күнкөріс минимумы 60 пайыздан, нақтырақ 11395 теңгеден аспайтын азаматтар ведомствомен келісімшарт жасап, кейін оның екі шартын орындай алады.
«Біз әлеуметтік көмек пен балалар жәрдемақысын алушыларды тартып, отбасыларымен келісімшарт жасаймыз. Осыған сәйкес бағдарламаға қатысушылар мемлекеттен берілген қаржыға тауық, қой, сиыр сатып алып, жұмысқа орналасуы қажет», — дейді Лариса Рощина.
Бұл мақсатта республикалық бюджеттен Шарбақты ауданы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 3 млн 619 мың теңге, қосымша облыстық 1,5 млн теңге алған. Отбасының ай сайын алатын сома келесідей бөлінеді: алдымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінде жанұяның соңғы үш айдағы кірісі есептеліп, отбасының мүшелеріне бөлінеді.
«Мұндай көмекке 25 отбасы мұқтаж болған. Биыл 23 жұмыссыз адамның 16-сы екі қолға бір күрек тапқан. Қалған төртеуі уақытша және 12-сі тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша 21 отбасына, 120 адамға көмек берілді», — дейді Лариса Рощина.
Сектор меңгерушісінің ақпаратына сүйенсек, 23 адамның сегізі осы бағдарлама бойынша ассистент болып еңбек етуде. Олардың міндетіне мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы түсіндіру кіреді. Мұндай ассистенттердің бірі - Нина Косолапова.
«Мен өмірде өте қиын жағдайға тап болдым. Төрт баланы жалғыз асырап отырмын, — дейді көп балалы ана. — Жұмыспен қамту бөліміне барып, балаларға жәрдемақы алу үшін құжаттарды рәсімдеуге тура келді. Ол жерде маған «Өрлеу» бағдарламасына қатысуды ұсынды. Бұл бағдарлама бойынша айына 18400 теңге аламын. Осы ақшаға қоян және тауық сатып алдым. Алдымен жарты ставкада жұмыс істедім, кейін толық жұмыс күніне ауыстым. 29600 теңге жалақы мен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша төлемақылардың арқасында кіші қызымды балабақшаға беріп, үлкен ұлымды жаңа оқу жылына дайындадым».
Касалапова. Осылайша, «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасының нәтижесінде оның өміріндегі ауыр кезең артта қалған.