Арыстағы діни ахуал талқыланды

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласына жаңадан әкім тағайындалғаны белгілі. Бұл лауазымды қолына алған Қадырбек Мұрат Болатұлы жұмысын аймақтағы әлеуметтік жағдаймен сондай-ақ, діни ахуалдың жағдайымен танысудан бастады, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің қарсаңында шаһар басшысы қала мен ауыл имамдарының басын қосып, діни мәселелердің түйінін тарқатты.

Кездесудің басты мақсаты – аймақта діни радикализмге жол бермеу. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап, жаңа жоспарлар құру.

Қаланың бас имамы Абдулкарим Абдулкамалұлының айтуынша, жалпы Арыстағы діни ахуал бірқалыпты. Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылар аз болса да болғанымен, олармен жиі-жиі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыратын көрінеді. Сондай-ақ, бас имам қала деңгейінде атқарылып жатқан іс-шараларды да тізбектеп берді. Жұма намаздағы уағыздардан бөлек мешіт имамдары оқу орындарын аралап, жастарға үгіт-насихат жұмыстарын да жүргізеді екен.

Қаланың бас имамы мешіт молдаларының жағдайына да тоқталмай өткен жоқ. Мешіттерге түскен садақамен ғана күн көріп отырған дін өкілдеріне билік тарапынан қолдау көрсетілсе артық болмас еді дейді А.Абдулкамалұлы.

Әкім Марат Болатұлы болса қандай қиын жағдай болмасын, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Өйткені, дәл қазіргі терроризм қаупі өршіп тұрған уақытта дін өкілдерінің алар орны ерекше.

«Сіздерге халықпен етене аралсу керек. Қолдарыңызда бірлік үлкен күш бар, слд күшті барынша ел игілігі үшін пайдалану керексіздер», — деп атап өтті Арыс қаласының әкімі аталған басқосуда.

Жиын соңында имам-молдалар қала әкіміне алғысымен айтып, бірнеше сауалын қойды. Мұрат Болатұлы аталған сауалдардың алдағы аз уақытта өз шешімін табатынына уәде берді.