Шымкенттегі №45 мектепте діни теріс ағымдардан сақтанудың жолдары талқыланды

ОҚО Дін істері жөніндегі басқарма жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары Шымкенттегі №45 мектепте болып, оқушылар мен мұғалімдерге діни теріс ағымдардан сақтанудың жолдары туралы дәріс оқыды. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған кездесу «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың және нашақорлықтың алдын-алу бойынша, сонымен қатар дін туралы жалпы түсінік беру» деген тақырыпта өтті.

Түсіндіру жұмыс барысында ең алдымен Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлім  маманы Абзал Бектұрғанов пен  орталықтың психолог маманы Мадина Әшірәліқызы Өсімбекова «Деструктивті діни  ағымға кетудің алдын-алу мен тану сипаты» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Түсіндіру барысында кез-келген дінге қатысты немесе толғандыратын сұрақтар бойынша республикамыздағы қауырт желі нөмірін қолдану, кез келген қоғамдық ортада жат ағым өкілдерін қалай тануға болатындығы жайында айтылды.

Кезекте деструктивті ағымдардан қорғанудан бөлек екінші нашақорлық мәселесі тұрды. Нашақорлық жөнінде Облыстық наркология диспансерінің наркологі Қорғанбаева Қарлығаш Жарқынбайқызы есірткі, ішімдікке жол беру, түрлі таныс емес ішімдіктерді ішуден сақтану және оларға жол беру мазмұнында баяндамасын оқыды.

Осы және өзге де жасөспірімдерге, яғни кәмелет жасқа толмаған оқушылардың жолда жүру, кешқұрым көшеде қалмау, ата-ананың бақылауынсыз, қарауынсыз ешқайда шықпау, заңға қайшы келетін іс-әрекеттердің алдын-алу баптарын түсіндіріп өтті.

Іс-шара соңында Әл-Фараби аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев мырза кездесу соңында оқушыларға заңға қайшы келетін әрекеттерден сақ болуларымен қорытындылады.