Ақтау қаласында судағы такси қызметі іске қосылмақшы

Келер жазда қала тұрғындары мен қонақтары Каспий жағалауында шағын қайықпен серуендей алады. Бүгін бұл туралы қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Жанна Тоқбаева мәлім етті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Ақтаулық кәсіпкер бұл жобаны жүзеге асыру үшін туризмді дамыту бағдарламасы бойынша мемлекеттен 100 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Әзір жоба әзірленіп, шығын мен кіріс көлемі есептелуде. Жазда Каспий жағасына жаңа қайықтар әкелінеді. Өңірде шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді,- деді Жанна Тоқабаева БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде. Қалада 26 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оларда 70 мыңнан аса адам қызмет етеді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асырылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасына тоқтала кетсем, бұл бағдарлама барлық халық арасында да, кәсіпкерлер арасында да кеңінен танылған. Ол бірнеше жылдардан бері жүзеге асырылып келде жатыр. Бұл бағдарлама бойынша, өзі 4 бағыт бар. Соның ішінде кәсіпкерлікті қолдау скл көрсету бағдарлаамасы. Яғни, несиелердің проценттік ставкасын азайту. Яғни оны субсидиялау. 7 пайызға дейін мемлекет тарапынан субсидияланады», — деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік , ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Жанна Тоқбаева.