Қапшағай қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Қанатұлы Қайнарбеков Қапшағай қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Талғат Қанатұлы 1969 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы – тарих және қосымша мемлекеттік құқық пәнінің оқытушысы, экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Еңбек жолын Талдықорған ауданы Көкөзек ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. Кейін «Эльдорадо» ЖШС менеджері, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік және байланыс бөлімінің бастығы, Көксу ауданы және Талдықорған қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2013 жылдың маусымынан – Текелі қаласының әкімі.