Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық әкімдік аппаратының үлкен мәжіліс залында «Дін ынтымақтастықтың кепілі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Аталған жиынға ауылдық округтердің имамдары мен билері, ауылдық округ аппаратының мамандары, білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен дінтану пәні мұғалімдері, ақсақалдар және жастар қатысты.
Қазіргі жаханданған заманда дәстүрлі емес діни ағымдар мен таным өкілдері, қоғамның діни сауатының төмендігін пайдаланып, өздерінің сенімі мен діндерін насихаттап жатыр. Сондықтан ұйымдастырылған семинар-тренингтің басты мақсаты – аудан аумағында діни экстремизм мен терроризимнің алдын алу және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру, исламды дұрыс жеткізу болып табылады.
Семинар-тренингте облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Ұлықбек Алиакбарұлы және ауданның бас имамы Анарбаев Самат қонақта болды.
Өз баяндамасында Ұлықбек Алиакбарұлы діни экстремизм мен терроризимнің алдын алу және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, кереағар діни ағым жақтастары жайында әнгімеледі.
Семинарда жастар тарапынан қойылған сұрақтарға орталық басшысы және ауданның бас имамы толық түсініктеме берді.
Жалпы, қорытындылап айтсақ, ислам дінінің мәні мен мағынасы, экстремизм мен терроризмге түсінік, жастардың қоғамдағы рөлі, еліміздің заңнамаларындағы дін мәселелері кеңінен сөз болған кездесуде жиналған жастар көп жайттардан хабардар болды деп есептейміз. Себебі, семинар барысында бірнеше видео – роликтер көрсетіліп, қатысушыларды толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап алды. Білімді маманның айтқан сөздері мен пікірлерін ұйып тыңдаған жастар бұл жиыннан терең мағыналы ой түйгені сөзсіз.