«Қандай ел болмақпыз?»: Жұлдыз Әбдукәрімова балабақшада болған жайтқа пікір білдірді

Актриса, блогер Жұлдыз Әбдукәрімова Алматыда балабақшалардың бірінде болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

@zhuldyzabdukarimovaofficial

Өнер иесі қатарластарын ұрып-соққан балалардың іс-әрекетіне қарап, ұлт болашағына алаңдайтынын айтты.

«Мен балаларымның денсаулығына алаңдап, дәруменді ойлап отырғанда, балабақшадағы оқиға көзден жасты сорғалатты ғой. Кіп-кішкентай балаларда осынша жауыздық қайдан пайда болған? 5 минут бойы жабылып тепкілеген. Бала көргенін жасайтыны белгілі. Тәрбие, құндылыққа мән бермесек ұлтқа қауіп төніп тұр екен.

Әрине, оқиғаның мән-жайын құзырлылар анықтап жатыр. Алайда мені толғандыратыны мынау еліміздің болашағы осы бүлдіршіндеріміздің қолында. Сонда қандай ел болмақпыз?» - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.