БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – БӘРІ ҮШІН!

AMANAT партиясының міндеті – барлық қажетті жағдайларды жасай отырып, мүмкіндігінше облыс тұрғындарын бұқаралық спортқа тартуды ұйымдастыру. Партия алдағы 5 жылда облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, оларды бұқаралық спортпен шұғылдануға тартуға барлық жағдайларды жасауға мүдделі.

Фото: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

Ұлт саулығын қамтамасыз ету бағытындағы партия көздеген іс-шаралар, алдағы жоспарлар, салаға қатысты проблемалар AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабы мүшелерінің спорттық ұйымдар мүшелерімен Нұрсая дене сауықтыру кешенінде өткен кездесуі барысында кеңінен талқыланды.

Партияның облыстық сайлауалды бағдарламасында жыл сайын кем дегенде 80 спорт секциясын ашу және балалар үйірмелерін жаңғыртуды қолға алу, спорт кешендерінде ересектер мен ерекше қажеттеліктері бар балалардың спортпен айналысуы үшін жағдайлар жасау мақсатындағы жоспарлы жұмыстар айқындалған. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесін 12,2 %-ға дейін арттыруды қолға алу да - AMANAT партиясының алға қойған мақсаттары қатарында. Бұл үшін «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының да бірнеше жылдан бері табысты жүзеге асырылып, жалғасуда екенін атай кеткен жөн болар.

Партия атынан алдағы сайлау додасына қатысатын кандидаттар бағдарламаның өзге тарауларын таныстырып, салаға қатысты басқа мәселелерді де қозғады.

Бұл бағыттағы негізгі іс-шара қатарында алдағы 5 жыл ішінде облыс бойынша 20 спорттық және дене-шынықтыру кешендерінің сапалы және уақытылы салуын партия тарапынан бақылауға алу жоспарын атауға болады.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді