БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ – НАЗАРДА

Барлық деңгейлерде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету – аймақтың одан әрі дамуының маңызды шарты. AMANAT партиясы алдағы 5 жылда аймақтағы білім беру сапасын арттыруға және білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударады.

Фото: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

Бұл тақырып бүгін бір топ атыраулық кандидаттардың Атырау индустриалды колледжінде өткен сайлаушылармен кездесуі барысында талқыланды.

Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Отандық қамту үлесін арттыру, жергілікті жұмысшыларға басымдық беру секілді мәселелерді оңтайлы шешу үшін білім сапалы, заманауи болғаны жөн. Ол мақсатқа жету үшін AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында қандай іс-шараларды атқару жоспарланып отыр? Осы сауалға толыққанды жауап ұсынған кандидаттар Бағыт Шеркешбаева, Абылай Құрметұлы, Айбар Ерекешов, Назерке Кусесова сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс, пікірлерді де тыңдады. Оларды арнайы аманаттар жәшігіне жинақтап, алдағы уақытта партиялық жұмыстар барысында, бағдарламаны толықтыру кезінде қаперге алынатынын атап өтті.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалыAMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді