Бүгін Абай орталығында жігері мықты, рухты жандармен кездесу өтті. Алдағы сайлауға AMANAT партиясының атынан қатысатын бір топ атыраулық кандидадаттар паралимпиада және мүгедектігі бар спортшылармен бас қосты.
Әлеуметтік қамқорлық таныту – AMANAT партиясының айқын мақсаттарының бірі. Бұл туралы спортшылармен кездесу барысында кеңінен айтылды.
Шындығын айту керек, мүгедектігі бар адамдар үшін қоғамдағы қолжетімділік әлі де толыққанды жүзеге аспай келеді. Арбаға таңылған жандардың бір жаққа шығуының өзі үлкен еңбекті қажет етеді. Сондықтан, ыңғайлы инфрақұрылым жасақтау, кедергісіз орта құру – партияның «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында да үнемі назарда келе жатқан өзекті мәселе.
«Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қоғамның 10 сұранысының бірі ретінде әлеуметтік қамқорлық бөлімі арнайы жасақталған. Мұнда мүгедектігі бар жандардың өмір сүру жағдайын жақсартуға қол жеткізу үшін бірінші кезекте жәрдемақы мөлшерін арттыру көзделіп отырғаны айқындалған. Бұдан кейінгі кезекте кедергісіз орта құру, қызмет алу бойынша мемлекетпен өзара іс-қимыл үдерісін жақсарту да көзделген.
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді