Ақ халаттылардың еңбегін құрметтеу – ортақ парызымыз. Ұлт саулығын оңалтып, денсаулық сақтау саласына қолдау білдіру мақсатындағы бастамалар AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында кеңінен көрініс тапқан.
Аймақта 5 жыл ішінде 20 медициналық нысан құрылысының сапалы және уақытылы салынуын қамтамасыз ету, салаға қажетті құрал-жабдықтармен қамту партияның «Халықпен бірге!» бағдарламасында бар.
Алдағы бес жыл ішінде ел дамуын әр сала бойынша өрістетуді көздейтін құжатта бұрын айтылып, бірақ, орындалмай қалған жұмыстар да бар. Оған қоса, халық сұранысына негізделген жаңа іс-шаралар да айқын көрініс тауып отыр. AMANAT партиясы сайлаушылар аманаттарының оң, уақытылы шешілуі жолындағы жұмыстарын жалғастыра береді». Облыстық сайлауалды штаб мүшелері Атырау қалалық №5 емханасының ұжымымен өткен кездесу барысында осылай деп атап өтті.
Амангелді Абдолов, Роман Максутов, Жеңіс Әбілқарес және Фаруза Шангереева партияның негізгі ұстанымдарын айтып, сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды.
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді