АЙШЫЛЫҚ АЛЫС ЖЕРЛЕРДЕН, ЖЫЛДАМ ХАБАР АЛҒЫЗАР...

Иә, қазір интернеттің заманы. Секунд сайын ақпарат алу, алмасу мүмкіндігі – игі жетістіктің бірі. Десек те, облыс аумағында интернет желісінің таралу жылдамдығы төмен, тіптен, жеткізілмеген елдімекендер бар.

AMANAT партиясы алдағы 5 жыл ішінде шалғайдағы елдімекендерді интернет жүйесіне қосуды нақты мақсат ретінде айқындап отыр. Бұл туралы 25 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауына AMANAT партиясының атынан қатысатын бір топ атыраулық кандидаттар «Қазақтелеком» АҚ Атырау филиалымен кездесу барысында айтып өтті.

Фото: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

Талқыланған тақырыптың тағы бірі – қоршаған ортаға қатысты мәселе. Атыраудағы экологиялық ахуал тұрғындарды алаңдататыны жасырын емес. Осынау өзекті мәселе AMANAT партиясының алаңында да үнемі көтеріліп келеді. Алдағы 5 жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламада қоршаған ортаны оңалту шаралары анық көрсетілген. Бұл туралы басқосуда Дүйсенбай Тұрғанов арнайы айтып, қала аумағындағы буландыру алаңдарына қатысты мәселені де көтерді. Лас суларды толық жоймай, қолқаны қабар иіс пен масадан құтылмасымыз анық екенін де айтты. Бұл бағыттағы проблемаларды шешу үшін бірқатар жобалар жүзеге асқанын атаған Д.Нұрбайұлы сайлауалды бағдарламада көзделген жұмыстарды таныстырды.

Облыстық сайлауалды бағдарламада экологиялық жағдайды жақсарту шаралары айқындалған. Мәселен, Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға аудандарындағы елді мекендерде құм тоқтату жұмыстарын жүргізу, Жайық өзенінің экожүйесін жақсарту, 500 мыңнан астам ағаш отырғызу арқылы жасыл белдеу көлемін арттыру көзделіп отырғаны – осының дәлелі.

Еңбек ұжымымен кездесуге А.Габдуллин, Ж.Әбілқарес, Ж.Хайруллин, А.Мақсотұлы қатысты.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалыAMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді