Астанада жартылай жалаңаш көше кезген тұрғын жұртты таң қалдырды (ВИДЕО)

Астанаға қылышын сүйретіп қақаған қыс келмесе де қалада айтарлықтай суық бар. Бірнеше рет қар да жауып үлгерді. Осындай аязды күні қала көшелерін даяу аралап, спортпен шұғылданып жүрген азамат жұртты таң қалдырды.

Аталған сәт түсірілген видеоролик Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған. Видео авторы мұны оңтүстік тұрғындарына жауап деп түсіндіреді.

«Бұл солтүстіктің Алматыға жауабы. Ауа-райы 0°C градусты көрсетіп тұр. Соған қарамастан Астананың жалындаған жас жігіті жалаңаш жүгіріп барады. Бұл жігіт өзінің азаматтық жағдайын өзгерткісі келді ме, әлде жай ғана спортты жақсы көргендіктен осылай жасады ма, ол жағы белгісіз», ― дейді куәгер.

Видео Сығанақ көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында түсірілген. Жартылай жалаңаш жігіт тіпті бағдаршамның қызыл түсі жаңғанына қарамай, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп кетті.

Еске салайық, қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара су қоймасында шомылып жүрген ер азаматтар солтүстікте тоң киіп жүрген жерлестеріне сәлем жолдаған болатын.

В статье: