воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Танымал әнші 21 отбасыға баспана сыйлайды

Кalifarniya деген атпен танымал әнші Фархат Қалиев 8 сәуірде өңірлерге концертін бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кадр из видео
Кадр из видео

Әншінің айтуынша, алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ұзақ ойлаған.

«Бұл менің ең ауқымды гастрольдік сапарын болғалы тұр. Бұйырса, еліміздің 21 қаласын аралауды жоспарлап отырмын. Мен әр ән кешімде халықпен тығыз байланыс орнатқанды жақсы көремін. Сол себепті, әр қаладағы тыңдармандарыма тосын сый жасағым келд»і, - дейді ол.

21 қаладағы ән кешінде 21 отбасына баспана сыйлау идеясын жүзеге асырмақ ниеті бар.

«Келіншегім Әнелдің идеясы бұл. Басында «қалай болар екен?» деген ой да, жүрексіну де болды. Бірақ Алла қолдап, тыңдармандарым демеп, бұл ниетімізге жетеміз деп ойлаймын», - деді Фархат Қалиев.

Что думаете об этом?
Нравится 30
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0