воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
19oC
1xadv
×

Қайрат Нұртастың Ташкенттегі концерті қалай өтті

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Ташкент тұрғындарына алғыс білдірді. Ол ұлының Өзбекстан астанасындағы концерті жоғары деңгейде өткенін айтып, халықтың құрмет-қошеметіне бас иді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ kair_n
Фото: Instagram/ kair_n

«Ташкент тұрғындары! Сіздерге айтарға сөзім жоқ, не деген құрмет-қошамет болды. Сыртта қаншама адам кіре де алмай қалыпты. Тіпті әлдекімдер «соншалықты елді дүрліктірген, аншлаг концерт беріп жатқан қай елдің азаматы екен» деп ұйымдастырушылардан сұрап кетіпті. Олар да ауыз толтырып мақтанып, мәз болды. Аллаға сансыз шүкірлер! Амандық тіледім сіздерге! Аналық жүрегіммен алғысым шексіз», — деді продюсер.

Жазба астына көпшілік ақ тілегін жаудырып, жағымды пікір қалдырды.

«Ташкент қазақтары сені сағынып қалыппыз. Келгеніңе рақмет, қуанып қайттық», «Қайрат аңыз, дәл Қайрат сияқты ешкім концерт бермеген», «Көріп, толқып кеттім ғой», «Не деген құрмет», «Қайрат, сені жақсы көреміз», — деді желі оқырмандары. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0