вторник, 21 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

«Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды

Әлеуметтік желіде отандық әнші Қайрат Нұртастың кезекті концертінен видео тарады. Бұл жолы желі қолданушылары әншінің концертіне келген көрерменге ашуланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kair_n
Фото: instagram.com/kair_n

Видео кадрларынан Қайрат Нұртастың концертте әндетіп, артынша көрерменмен тілдесіп жатқанын аңғаруға болады. Ол аяғынан ұстаған тыңдарманға өтініш жасайды.

«Жаным, аяғымды ұстамаңызшы, ұяламын мен. Кәдімгі қарапайым адаммын ғой», — деп эстрада жұлдызы әндете кетеді.

«Осылай қуып кетсең... Қалайсыңдар, ағайындар?» — деп жалғастырады Қайрат Нұртас.

Мұны көрген оқырман концерт көруге барған халықты сынап тастады.

«Жабайылық қанымызда бар ғой»; «Аяғын не үшін ұстайды, адамдарда мәдениет қайда?»; «Қыздар зомби сияқты жабысып жатыр»; «Аузын ашса хит қой»; «Дұрыс қой, құлап кетсе жаман ғой»; «Қыздар, бұл өте төмен әрекет қой»; «Халықта мәдениет жоқ, тобыр болып кетті», — деп жазды жұрт.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 5
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 8