«Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Сырдария ауданында екі тұрғын үйлер салынуда

Сырдария ауданында 42 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Іргетасы тамыз айында қаланды.

Бас мердігері — «НұрТалап және К» ЖШС. Жобалаушы «Қызылорда ЖобаҚұрылыс» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы «Қызылорда НұрСтрой Инженеринг» ЖШС-гі.  Қазіргі таңда бір үйдің екі қабатының кірпіші қаланып, плитасы салынды. Сондай-ақ, ішкі сылақ жұмыстары аяқталды. Ал екінші тұрғын үйдің бірінші қабатының кірпіші қалануда. Көпқабатты тұрғын үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

««Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 58 адам жұмыспен қату орталығы арқылы жұмыспен қамтылатын болды. Жоба бойынша жұмысшылардың саны 116 адам. Бағдарлама бойынша жұмыспен қамту бөлімі арқылы 50% яғни 58 адам жұмысқа тарту жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту бөлімі арқылы 29 адам жұмыс жасап, кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының мерзімі 7-ай. Желтоқсан айының 15-не пайдалануға беріледі», — деп хабарлады Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында.

Айта кетейк, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында жолдарды жөндеуі жұмыстары атқаруда. Сыр өңірінде 263 жоба жүзеге асырылуда. 255 шақырым автомобиль жолы мен көше және көпірлер жөнделуде. 2639 адам жұмыспен қамтылған.