Қызылордалық полицейлер  1 келіге жуық есірткі заттарын тасымалдаған облыс тұрғынын құрықтады

11 қарашада Қызылорда облысының Полиция  қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында Қармақшы ауданының Тұрмағанбет және Алдашбай ахун ауылдарын байланыстаратын «Ақжар-Көмекбаев» тас жолының бойында күдік тудырған жеңіл автокөлік тоқтатылды.

Тексеру жүргізу барысында автокөліктің жүк салғышынан, 2 дана полиэтилен пакетке оралған есірткі заты алынды.

Сараптама қорытындысы бойынша 1 кг жуық «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.

Бүгінгі күні күдікті Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.