22 қыркүйек күні Достық сарайында Каспий маңы мемлекеттері жастарының І халықаралық форумының ашылуы болды.
Форумның мақсаты – мәдениетаралық диалог қалыптастыру, жастар саясаты саласында озық тәжірибе мен инновация алмастыру, жастар ұйымдарын шоғырландыру және Каспий маңы мемлекеттерінің жас көшбасшыларын біріктіру.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеяларын жастар арасында ілгерілету. Жастар ұйымдарының, бірлестіктерінің, қозғалыстардың арасындағы тиімді ынтымақтастықты дамыту, халықаралық үздік тәжірибемен алмасу.
Форумның күн тәртібін талқылауға атақты халықаралық сарапшылар, бөлім басшылары, жастар көшбасшылары шақырылады.Британдық «The Independent» басылымының бас экономикалық шолушысы Хэмиш МакРей, кәсіпкерлік білімді ең алғаш Ұлыбританияда дамытушы, профессор (Ұлыбритания) Дэвид Кирби, Сингапур ұлттық университетінің профессоры Лервин Лиу, ғылыми зерттеу және енгізу салаларындағы вице-президент, Исфахан ғылыми және технологиялық қала (Иран) Мохаммад Джавад Омиди және т.б. спикерлер сөз сөйлеп, ой бөлісті.
Жиында Әзірбайжан Республикасының жастар және спорт министрінің орынбасары Интигам Бабаев бастаған бір топ делегация қатысты. Әзірбайжан Республикасының Бас консулдығының басшысы - Эльхан Зейналов, Ұлттық кеңес төрағасының орынбасары – Айсун Зейналова, Фаиг Гурбатов – Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар қорының штабының бастығы сияқты қонақтар форумға белсенді қатысып, тәжірибе алмасты.