Бүгін Қызылорда өңірінде республикалық «Жолда қабылдау» акциясы басталды.
Облыс бойынша 11 мобильді қабылдау пункттері, ал облыс орталығы Қызылорда қаласында 2 мобильді қабылдау пункттері қызмет етіп жатыр.
Екі күнге жоспарланған акцияда Полиция департаментінің басшылығы, Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция қызметі және Көші-қон қызметі басқармалары, сонымен қатар, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларынан құралған арнайы мобильді топтар белгіленген жерлерде тұрғындарды қабылдап жатыр.
Сондай-ақ, акция барысында облыс тұрғындары департаменттің ресми әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.