27 қазанда Корея Республикасының ҚР елшілігінің ғимаратында KOICA түлектер қауымдастығынан COVID-19 індетіне қарсы күресіне қайырымдылық көмекті тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
Бұл рәсімінде Корея Республикасының ҚР төтенше және өкілетті елші Ку Хонг-сок, парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, KOICA бағдарламасы бойынша Корей жоғары оқу орындарының қазақстандық түлектер қауымдастығының президенті Гүлдана Садықова және басқа да түлектер қатысты.
Елші Ку Хонг-сок пен KOICA түлектер қауымдастығы 1,7 млн теңге (4 мың доллар) көлемінде эпидемиолог-дәрігерлер тобының қызметіне қажетті ноутбук және планшеттерді көмек ретінде тапсырды.
Бұл көмек Қазақстанның бүкіл аумағында орналасқан эпидемиолог-дәрігер тобының филиалдарына берілетін болады.
«Эпидемиолог-дәрігер тобымен бірге медициналық қызметкерлер мен еріктілер COVID-19 дағдарысын еңсеруде басты рөл атқарған қаһарман деп айтуға болады. Соңғы уақытта Қазақстанда вирусты жұқтырған адам саны азайып келеді, ол үшін күш салып еңбек еткен медицина қызметкерлеріне алғыс бідіремін. Бұл жолы Елшіліктен берілетін ноутбук сияқты керек-жарақтар қазір бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатқан вақцинация науқаның тиімді басқаруға ықпал етеді деп үміттенемін. Кореяда халықтың 70%-дан астамы вақцина егілді, және адамдар жұқпалы аурумен қатар өмір сүріп күнделікті өміріне қайта оралатын «with Corona» дәуірі басталды. Елшілік осы айда ұлттық күн мерекелік іс-шарасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Корея мәдени фестивалін бетпе-бет өткізіп, күнделікті өмірге оралуға жетекшілік етіп жатыр. Корея Қазақстанның ең жақын досы ретінде COVID-19 аяқталғанша бірге болады», —деді елші Ку Хонг-сок.
Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова айтуынша, қиын кезеңде Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек пен рухани қолдау көрсетті.
«COVID-19 вирусымен күресу үшін ең алдыңғы шепте күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлерге көрсеткен қолдауыңыңыз үшін алғысымды білдіремін», — деді ол.
«Елшіліктің қолдауымен KOICA түлектер қауымдастығы биылғы жылы екінші рет қайырымдылық көмекті тапсырып жатқанымызға ризашылық білдіремін. Бұл заттар Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы эпидемиолог-дәрігерге жекізіледі», — деді KOICA бағдарламасы бойынша Корей жоғары оқу орындарының қазақстанддық түлектері қауымдастығының президенті Гүлдана Садықова.