«Бұл не сұмдық!»: Қайрат Нұртастың бейтаныс қызды көлікке күштеп отырғызған видеосы желіде тарап кетті

Instagram желіcінде Қайрат Нұртастың бейтаныс бойжеткенді көлікке күштеп отырғызып жатқан видеосы тарап кетті. Бұл бейнежазба Казнетте бірден шу тудырып, халықтың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: Zhuldyzabdukarimovaofficial/Instagram

Қазақстанның ең танымал әншісі Қайрат Нұртастың қатысуымен болған видео Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. 

Бейнежазбада әнші белгісіз қызды күштеп көлікке отырғызып жатқаны көрініп тұр. Өнер иесін жолда кетіп бара жатқан өзге көлік жүргізушісі камераға түсіріп алған. Видеоға сәйкес, оқиға жаз мезгілінде болғанға ұқсайды.

Алайда, Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова бойжеткеннің шын мәнінде кім екенін түсіндіріп берді. Продюсерінің айтуынша, видеодағы қыз оның келіні Жұлдыз Әбдукәрімова екен. Гүлзира мұны дауға айналдырған желі қолданушыларына қатты ашуланды.


«Бейнежазба желіде жарияланып кетіпті. Бұл қыз менің келінім Жұлдыз Әбдукәрімова. Екеуі жиі келіспей қалады», — дейді Гүлзира Айдарбекова.
 

Бірақ желі қолданушылары әртістің әрекетін қатаң сынға алды. Олар Қайрат Нұртастың бұл қылығы еркекке тән емес екенін жеткізді.

 
«Қайрат адам емес. Ұятсыз бала сияқты ғой», «Бұл не деген сұмдық!» «Жұлдыз екеуі ажырасқаны рас шығар», — деп жазды олар.
 

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың баласы дем жетпей, ауруханаға түсіп қалғанын бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова өз парақшасында жазған болатын. Ал әншінің әкесі ауырып жатқан немересін көріп, еңіреп жылаған видеосы да желіде тараған еді. Бүгінде әншінің ұлы Нарұл Нұртас ауруханадан үйіне шыққан.

Оқи отырыңыздар: Желі қолданушылары Сабина Алтынбековаға жақында ғана ана атанғанына күмән тұдырды