вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Желі қолданушылары Сабина Алтынбековаға жақында ғана ана атанғанына күмән тұдырды

Әлемнің ең сұлу 20 аруларының қатарына енген қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова желіде мінсіз мүсінін көрсетіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Желі қолданушылары жақында ғана ана атанған арудың дене сымбатына күмән тұдырды, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: Sabina Altynbekova/Facebook
Фото: Sabina Altynbekova/Facebook

Сабина Алтынбекова тұңғышын босанғаннан кейін Instagram парақшасын енді ғана жаңартты. Спортшы ару желіде жаңа суретін жариялады. 

Оқырмандардың басым көпшілігі бірден волейболшының дене сымбатына таңғалған. Олар жас ананың босанғаннан соң аз уақыттың ішінде қалпына келгенін көріп, сұрақтарын жаудырды. 

«Сенбеймін, бұл деген фотошоп шығар», «Сіз шынымен бала тудыңыз ба?», «Жаным сол, босанса да, фигурасы өте керемет. Қатты қуандым», «Жақсы сақталыпсыз», «Босанғаннан кейін мынадай фигураға қалай оралуға болады?», «Ұлыңа қандай есім бердіңдер?», «Босанған анаға ұқсамайды», «Меніңше, бұл мұрағаттағы сурет. Себебі, аяғында жаздық аяқ киім», - деп жазуда оқырмандар. 

Айта кетеік, 2020 жылдың аяғында Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты. Жарының есімі Саят Салманұлы. Алайда оның немен айналысатыны және үйлену тойы жайлы еш ақпарат жоқ.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 2