Қайрат Нұртастың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

TikTok-та Қайрат Нұртастың өлімі жөнінде ақпарат таратқан. Видео авторы Қайраттың суреттерінен ролик жасап, тіпті оның «қайтыс болған күнін» жазып қойған, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: @kair_n

Мұны көрген әртістің анасы көпшілікке жан айқайын жеткізді.

«Менің баламның өлімін тілеп, кім осылай жарналап таратуға қолы барды екен? Басыңа келсін деп тілемеймін, тек Алла сана берсін. Мейлі мамасының баласы дей берсін, мейлі тағы да баласын қорғаштады десін, баламның табанына кірер шеңгел болса, менің маңдайыма қадалсын дейтін өз аналарыңыздай мен де анамын, сыртынан ауыр сөз айтылса ең бірінші менің жүрегіме қадалары анық.

Соншалықты жек көретіндей біреуге ұлым зияндық жасамақ түгілі, тірі пендені ренжітпейтін жүрегі мейірімге толы екенін басқа білмесе де туған анасы мен білемін. Қаншалықты қара жағып өсектеп жатса да шыдай береміз ғой, енді мынау тым артық. Ниетімізді түзесек екен. Ешбір ана баласын жоғалтпасын, Алла ұлыма ұзағынан өмір берсін!»   деп жазба қалдырды Айдарбекова желідегі парақшасында