Украина майданында 21 жасар қазақ жігіт қаза тапты

Ресей-Украина арасындағы қақтығыс кезінде қазақ жауынгері қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Фото: pixabay.com

«1 мамырда Челябі облысының Қарталы қаласында Украинадағы арнайы операция кезінде 21 жастағы танкер Марат Жүнісов мерт болды», — деп жазды @chelyabinsk_podsmotreno әлеуметтік желі парақшасы.

Марат Жүнісовтің әлеуметтік желідегі таныстарының айтуынша, ол 29 сәуірде қайтыс болған. Жігіт келісімшарт бойынша әскери борышын өтеген. Әскери қызметтен бөлек хоббиі музыка мен спорт болды.