Соңғы уақытта оранып, яғни хиджаб киіп кеткен өнер жұлдыздары әлеуметтік желіде басты тақырыпқа айналды. Біреулер хиджабтың қазақ халқына қатысы жоқ екенін айтып, оранғандардың көпшілігін өзге дінге кіріп кеткендер деп сынға алуда. Сол әртістердің ішінде кім бар «NewTimes.kz» материалында оқыңыздар.
Айдана Меденова
Танымал әнші Айдана Меденова жақында орамал тағып, 4 жылдан бері намаз оқитынын жариялады.
«Иә, мен басыма орамал тақтым. Бұл шешімімді түсінбей жатқандар да бар. Әрине бұл да қалыпты нәрсе. Мүмкін кейбір адамдар «Айдана бір күнде оранып шыға келді, асығыс шешім жасады» дейтін шығар. Бірақ бұл аяқ астынан жасалған шешім емес»,— деп жазды әнші.
Алтынай Жолдыбаева
Әнші Алтынай Жолдыбаева да соңғы уақытта дінге құштар екенін айтты.
«Парақшамдағы оқырмандар былай тұрсын, жеке танитын жандардың біразы менің дінге деген құштарлығыма таңғалып жатыр. Иә, бұл – өмір және ол сондай. Мен бүгінгі күні аспаннан салбырап түскен жоқпын. Кезіндегі Алтынайды есіме алсам, ол ханымның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін құбылыстар – оның бүгінгі таңдауы және өмірі. Қызық, иә?
Артыма бұрылып қарасам, өкінетін іс-әрекеттер аз емес. Мен ешқашан ақымақ болған емеспін, шүкір. Әке-шешем маған тәрбие бере білді. Кәмелет жасқа толғанда «что-то пошло не так». Содан беталды батыстың мәдениетіне қатты еліктедім. Анашым қазақтың салт-дәстүрі, тәрбиесі, құндылықтары туралы көп айтатын, айтып та келеді. Кезінде оны түсінгісі келмей мұрнын шүйіретін Алтынай, міне бүгін өз ұлтының мәдениетіне шынайы ғашық», – деп жазған әнші.
Аружан Абилова
Айым Алтынбекова/ Aeka.posh
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Aeka / Skincare / Lifestyle / Travel (@aeka.posh)