Танымал хитмен Қайрат Нұртас желіде белгісіз арумен түскен кезекті видеосын жариялап, оқырманын тағы да ойландырып қойды. Қалың көпшілік әншінің жанындағы жұмбақ қыздың кім екенін біле алмай дал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі өзімен бейнебаянға түскен құпия арудың кім екенін жасырып қалды. Алайда көпшілік оның Жұлдыз Әбдукәрімова емес екенін бірден білді. Бұл орайда оқырмандар жазба астына пікір қалдырып, белгісіз арудың Қайрат Нұртаспен қандай қарым-қатынас та екенін топшылай жөнелді.
«Екінші әйелі ғой», «Жұлдыз емес деп ойлаймын», «Әйелімен ажырасып кеткен бе?», «Әдемі жұп», «Бейнебаянды Жұлдызбен түсіргенде болар еді», «Жұлдыз айырып жібермесін», – деп жарыса жазды желі қолданушылары.
Аталған сыни пікірлерге Қайрат Нұртас: «Түспесе не істейін?», «Не үшін? Бұл өнер» деп жауап берді.