Айжұлдыз Адайбекованың туған күнін атап өтуге қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды

Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова туған күнін дүркіретіп өткізді. Өнер иесі «Revue news-қа» берген сұхбатында керемет кешті атап өту үшін 10 мың доллар құртқанын жасырмады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Фото: aizhuldyz_adaibekova/Instagram

Актрисаның қуанышын бөлісуге танымал әншілер, блогерлер, актрисалар, сондай-ақ жақын достары келді.

«Қателеспесем, туған күннің ақшасы 5 миллионға шықты. Ақша қайтып келеді, бірақ мұндай сәттер ешқашан қайтып келмейді. Сыйлыққа брендтік заттар көп алдым», - деді актриса.

Дизайнер қыз өзінің болашақта сүйіктісіне қосылғанын қалайды.

«Жаңа жасымнан жаңа биіктіктерді, жақсы нәтижелерді, бақытты болуымды, жақсы көретін адамыммен қосылуымды тілеймін», - деді ол.