Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркімбаевтың биыл тірі болғанда 58 жасқа толатынын айтты. Медиа-менеджер Instagram парақшасында өмірден өткен жолдасына әсерлі жазба арнады, деп жазады kaz.nur.kz.
«Жыламаймын деп сөз бердім ғой. Баламен бала болатын, үлкен-кішіні сыйлайтын, қалжыңбас, жарқын жүзді, әрқашан "ортаның гүлі" дейтін Қайрекең бүгін 58 жасқа толар еді. Сен қасымда болғанда, езуім жиылмайтын. Ойнайтынмын. Сенімен сырласып, кейде ішегіміз түйілгенше тоқтамай күлетінбіз. Қазір де жазып отырып, еріксіз жымидым. Бүгін жанымда болғаныңда дүркіретіп тұрып туған күніңді тойлар едік. 58 жасқа толдың деп, толассыз тілек тыңдайтын едік», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетейік, жақында тележүргізуші жұбайының жылдық асын өткізді.