Қазақстандық виолончелист марқұм Нүкеноваға арнаған композициясы желіге тарады

Танымал әнші Өктем Алтаевтың ұлы, виолончелист Бағжан Октябрь марқұм Салтанат Нүкенова арнап, композиция орындады, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото коллаж stan.kz

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, желі қолданушылары мен танымал блогерлер, шоу-бизнес өкілдері жаппай парақшаларында бөлісіп жатыр.

«Бишімбаевтың сотын көріп жатырсыздар ма?! Марқұмды қаралап, түрлі нәрсе айтып жатыр. Оның ойы, «Салтанатты періште көрмей-ақ қойыңдар» дегенге келіп тұр. Өзі сүттен ақ, судан таза сияқты», — деген пікір білдірді жеке парақшасында.

Сондай-ақ, марқұмға арнап, «Гауһартас» фильмінің саундтрегін орындады. Алайда бұл туындының сюжеті мен тарихын білмейтіндер де бар болып шықты.

«Менің түсінуімше, бұл музыка мен тарихты бәрі бірдей біле бермейді. Мен де кездейсоқ орындаған жоқпын. 1975 жылы түсірілген «Гауһартас» фильмі. Басты рөлдегі қыздың аты — Салтанат. Фильмде оның өмірі қайғылы аяқталады», — деп жазды музыкант.

Желі қолданушылары қоғамды дүрліктірген оқиғаға қатысты түрлі пікір жаудырып жатыр.

«Әр әйелдің ішіндегі мұңды жеткізген»,

«Керемет орындау»,

«Егер Бишімбаев өмір бойына кетіп, жаза алмайтын болса, қыздар мен әйелдерге Қазақстанда әрі қарай өмір сүру қауіпті деген сөз»,

«Салтанат осы өмірдегі миссиясын атқарып кетті деп ойлаймын. Қаншама үйде өліп қалған әйелдердің, соттың әділетсіздігін көрсетіп жатыр»,

«Қатты жылап жүрмін. Өмірде танитын құрбым сияқты», — деп жазып жатыр тыңдарман қауым.