Меруерт Түсіпбаева 10 жастағы ұлына көлік сыйлаған Мәдина Сәдуақасованы сынға алды

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева 10 жастағы ұлына көлік әперген Мәдина Сәдуақасованы сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: massaget.kz

Демалыс күндері Мәдина Сәдуақасова ұлының туған күніне су жаңа көлік сыйлағанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған болатын. Меруерт Түсіпбаева әріптесінің бұл қылығын мақтаншаққа теңеп, оны әбден сынға алды.

«Мен 20 жастағы ұлыма қымбат көлік сыйлаған кезімде ол екі ай бойы ұялып, көлікті топтастары «көрмесін» деп университеттің ауласына кірмей, көлігін тығып жүріпті. Көлікті бір көше аулақ қойып, «мама, әлеуметтік желіге салмашы» дегенде мен қатты қуандым! Шүкір дедім! Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда, Мәдинаның мына тірлігі ұят. Асыра сілтеу. Мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Плебейшілдік. Сөзім жоқ», - деп жазған ол.