ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мадина Сәдуақасова 10 жастағы ұлына су жаңа машина сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақында ұлының туған күнін атап өткен еді.
«Әнуар машинасын ауыстырды. Су жаңа 2024 жылғы екен. Ойлап қалмаңыз өзі рөлге отырады деп. Әрі-бері мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық. Салондағы менеджерлер Расул мен Санжарға алғысымызды айтамыз. Бәрі жоғары деңгейде болды. Нөмірін де алдық. Құтты болсын, жаңа көлік! Туған күн жалғасып жатыр. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын!» – деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып, оқушыға қымбат көлік алып берген отандық әншіні сынап жатыр.
«Құны 42 миллион теңге екен», «Көлік сыйлағанша, бауыр сыйлаңыз», «Қаншама адам аш, үйсіз отыр. Мақтанып елге көрсеткені несі», «Баланы жасынан ерте желпітіп керек емес сияқты, артық қой мынау», «Бұл енді қате. Баланы жақсы көрудің де орны бар. 10 жастағы балаға артық бұл сыйлық», «Бала не нәрсенің қадірін біліп, табан ет, маңдай тер деген нәрсені біліп өсуі керек», «Құтты болсын. Темір тоза берсін. Ғұмыры тозбасын. Қызық қуанышқа мінсін», – деп жазды желі қолданушылары.
Еске салайық, «Ата-анам туған күнімді тойлауға мән бермеген» деп өнер иесі балалық шағынан сыр шерткен еді.