Шымкент полицейлері бойжеткенді тепкінің астына алып, күш көрсетті (ВИДЕО)

Желіде шымкенттік полицейлердің жұрттың ашуын тудыратын әрекетінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Онда қаладағы дәмханалардың бірінің алдында болған оқиғаны көлікпен кетіп бара жатқан әлдекімдер видеоға түсіріп алған. Видеода шенді қызметкерлер бір топ бойжеткенді көлікке отырғыза алмай әлек боп тұр. Қарсылық танытқан олардың бірін полицейлер көлікке күшпен отырғызуға мәжбүр болған. Тәртіпке оңайлықпен бағына қоймаған бойжеткеннің тағы бірін полицей тепкінің астына алады. Қоғамдық қауіпсіздікті орнатуға тиіс погондағылардың бұл әрекетіне қатысты облыстық ІІД-лер әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасай қоймады.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер қолданылады.

Видео желіден алынды.

В статье: