Амалы таусылған тұрғындар енді әлеуметтік желі арқыры жанайқайын жеткізіп отыр, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.
INSTAGRAM желісінде @kritika_shymkent деген атаумен тіркелген парақшаға көкейін мазалаған сауалдарды жолдап, өзгелерден көмек сұраушылар қатары арта түсуде. Бұл жолы қала орталығының тұрғындары шағымын жолдап, енді әкімдіктен араша сұрап отыр.
«Сіздерге үлкен өтінішпен жазып отырмыз, өзіміз күресе шаршадық. Жолдап отырған видеода «Нұр Отан» партиясы ғимараты маңындағы Айдана плаза қонақүйінің сүзіндісінің (вытяжка) дауысы. Ол тура осылай тәулік бойы істеп тұрады. Барлық көршілеріміз шағым түсіріп те қойды. Бірақ, ешқандай шара көрілмеді. Қонақүй басшылығы шағымды қыстырып та жатқан жоқ» деп жазған шымкенттік тұрғын. Мұны оқыған желідегілер тұрғындарға жанашырлық танытып, олардың бұл шағымын қолдаса, келесі бірі қанша жерден табан тоздырып, арыз түсіргенімен, нәтиже болмайтынын алға тартқан.