Танымал журналист: «Қазақстанда қазақ болу - камикадзе болумен бірдей»

Елге белгілі журналист әрі жазушы Марат Тоқашбаев мемлекетіміздегі сот жүйесінің жұмысы мен заңдарға наразылық танытты, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Фото facebook.com

Ашынған журналист бұл пікірін желі парақшасында жария етіп, өзі куә болған оқиғаны да баяндады.

«Алматыдан Мәскеуге ұшпақ болып тұрған мас ресейлік азамат ұшаққа отырарда шу шығарып, айналасын боқтаған соң тәртіпке шақыруға келген учаскелік полицейді бетінен теуіп, аузы-мұрынын қан қылған. Ұлыдержавалық басынудың, мемлекеттілігімізді менсінбеудің нақты көрінісі. Бұл шілде айының ортасында болған оқиға. Осы істі қараған Түрксіб аудандық соты 22 қыркүйекте бұзақы ресейлікке 500 АЕК мөлшерінде айып салып, сот залынан босатып қоя берді. Ал Атырауда өз елін, өз жерін қорғаған Талғат Аян мен Макс Боқаев бес жылға сотталып кетті. Бұл қандай әділдік? Талғат пен Макс ресейлік болса, баяғыда босап кетеді екен ғой. Қазақстанда қазақ болу – камикадзе болумен бірдей сияқты!» деп жазды Марат Тоқашбаев.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанның төл теңгесімен мұрнын сүрткен өзге ұлт азаматы жұрттың шамына тиді (ВИДЕО)

Журналистің жазбасын оқығандар бұл оқиғаны масқараға теңеп, ұят пен намыстан жерге кіріп кете жаздайтындарын да жеткізді.