Общество 26.09.2017, 10:33

Қазақстанның төл теңгесімен мұрнын сүрткен өзге ұлт азаматы жұрттың шамына тиді (ВИДЕО)

Желіде өзге ұлт өкілінің Қазақстанның төл теңгесі, яғни, мың теңгелік купюрамен мұрнын сүрткен әрекетінің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Мұны көрген желідегілер ер кісінің бұнысына ашуланды.

«Сол мұрныңды сүрткен ақшаға тамақ алып жейсің ғой, бейшара-ау», «Ертең оны тауып алып, сол ақшаны өзіне жегізеді. Сосын оның кешірім сұраған сәтін видеоға түсіреді» , «Тынды ғой мына адам», «Ақшаны сыйламасаң да, бабаларымыздың төккен қаны мен ана қағаздағы көк туымызды сыйласайшы», «Сол ақшаға мұқтаж қылсын сені Алла, оңбаған» деп жазған желідегілер бұл азаматты құзырлы органдағылар іздеп тауып, жазалау қажеттігін ескертті. Ал кейбірі ұлттық валютаны бұлайша қорлауын күллі Қазақстанға мұрнымды сүрттім деген әрекет деп таныды.

«Отандық валютаға Бауыржан Байбектің өзі «ручкамен» жазбады, оның қасында бұл кім? Бұл деген бүкіл Қазақстанға мұрнымды сүрттім дегені ғой сонда?» деп жазған желідегілердің кейбірі бұл азамат орыс ұлтының өкілі екенін айтып, болжам жасады.

В статье:
Loading...

28 февраля, воскресенье