«Балаларды неге ойламадың?»: Адал жар арамдық үстінде қолға түсті (ВИДЕО)

«Мен нені дұрыс істемедім? Балаларды неге ойламадың?», — дейді ашынған ер азамат зинақор әйеліне. Әйелі болса өзін ұрмауды өтініп, кейінірек бәрін түсіндіріп беретінін айтуда.

Оқиға Башқұртсанда орын алған. Өз әйелінің өзге еркекпен төсекте жатқанын көрген ер азамат екеуін де соққының астына алып, сол жерде-ақ жазалап тастады. Ал, бұл жайттың бәрін сол ер азаматтың жолдасы бейнекамераға түсіріп, кейін видеоны әлеуметтік желілер арқылы таратып жіберіпті.

Видеодан жерде ес-түссіз жатқан бет-аузы қан-жоса әйелдің көңілдесін де байқауға болады.

Аталған видео Уфа қаласында тез тарап, қазіргі таңда полицияның назарына ілінді. Башқұртстанның ішкі істер министрлігі қазір бұл жайт бойынша тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.