Желіде автокөліктердің латынша қате толтырылған құжатының суреті пайда болды

Қазақстандықтар қазақ тілінің латынға көшуін қолдайды. Алайда, соңғы бекітілген әліпбидің апострофты нұсқасы қоғамдық пікірді екіге бөліп отыр. Көпшілік осы әліпбидің төңірегінде әлі де болса дауласуда. Ал, Instagram-ның қазақстандық қолданушылары автокөліктің латын әліпбиінде толтырылған техникалық құжатын талқылауға кірісіп кетті.

Фото: Instagram / shyndykz

Аталған желідегі Shyndykz парақшасында үш тілде толтырылған автокөлік құжатының суреті жарияланған. Онда қазақ тіліндегі жазба латын графикасында жазылыпты. Алайда, оның өзі қатеге тола. Яғни сөз арасында "q" мен "k" әріптерінің орындары бірнеше рет ауысып кеткен.

Еске салайық, Мемлекет басшысы биыл 27 қазанда қазақ тілін латын графикасына ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Енді 2025 жылға дейін ана тіліміз кезең-кезеңмен латын әліпбиіне көшетін болады.