«Аяқ-қолы сау»: Аша Матай 4,8 млн теңгеге бағаланды

Алматы облысында әнші Аша Матайдың сахналық лақап атымен аттас бие сатылымға шығарылды. 5 жасар биенің иесі оны 4,8 млн теңгеге бағалап отыр, деп хабардайды Skifnews.kz.

Фото: sn.kz

Аша Матай атты жылқының сатылатыны жайлы жарнама Instagram-дағы Baige.kz парақшасында жарияланды.

«Лақап аты Аша Матай, 5 жасар байтал. Аяқ-қолы сау. Бағасы 4,8 млн теңге», — деп жазылған жарнамада.

Бұл жарнаманы оқыған танымал әнші, тележүргізуші Аша Матай не күлерін, не жыларын білмеді. Бірақ шоу-бизнес өкілі ақшасы болса өзі-ақ сатып алатынын айтты.

«Күлейін бе, жылайын ба? Бірақ өзі әдемі ат екен», — деді әнші Аша Матай.