ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға павлодарлық алюминий құймасы сыйға тартылды

«Қазақстан Алюминийі» АҚ мәжіліс залында өткен жұмысшы жастар кеңесінің отырысында Павлодар облысының алты ірі кәсіпорнынан 200-ден астам өкіл қатысты, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz» тілшісі.

Фото: ortcom.kz

Кездесу барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен өңір басшысы Болат Бақауовқа Қазақстан электролиз зауытында шығарылған павлодарлық алюминий құймасы сыйға тартылды. Павлодар облысында 35 жасқа дейінгі 56 мың адам жұмысшы мамандығы бойынша еңбек етуде.  «ПМХЗ» ЖШС-нің инженері Данияр Күшеновтың айтуынша, зауыттағы студенттердің басым бөлігі жоғары білімге қол жеткізген және бірқатары басшылық қызметте еңбек етуде. 29 жасқа дейін 300-ге жуық жұмысшы жаңа құрылғылармен жұмыс жасау үшін кәсіпорынды жаңғыртуға қатысады. Шамамен алты мыңдай адам жұмыс істейтін алюминий зауытында жастар сенбілік, мәдени-спорттық және жетім балалар мен ҰОС ардагерлеріне көмектесуге бағытталған қайырымдылық шараларды ұйымдастырумен айналысады. Гүлшара Әбдіқалықова елімізде жүзеге асырылатын жастар саясатына тоқталды. - Қазақстанның барлық облыстарында 17 жұмысшы жастар кеңесі бар. Барлық кәсіпорындарда жастардың білім алып, біліктілігін арттыруы үшін шаралар қабылданады. Павлодар облысының 45 оқу орнында дуалды оқыту жүйесі енгізілген. 2017 жылдан бастап барлық тұрғындар үшін кәсіби техникалық білім алу тегін болады. Соңғы кездері елімізде 2,4 млрд доллар колледж студенттерін оқытуға жұмсалған. Тәуелсіздік жылдары мемлекет басшысымен адамзат капиталын дамыту міндеті қойылып, білім беру, денсаулық сақтау және жастардың әлеуметтік қорғалуына баса назар аударылды, — деді Г. Әбдіқалықова.

Еске сала кетейік, «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның Павлодар алюминий зауыты Еуразиялық Топ құрамына кіреді және Қазақстандағы жалғыз тауарлық глиноземді өндіруші болып табылады. Өнім Ресей Федерациясының зауыттарына экспортталады. Сондай-ақ, еліміздегі алюминий өндірісінің флагманы – Қазақстан электролиз зауытына шикізат жеткізеді. Аталмыш екі кәсіпорын бүгінде сапалы отандық өнімді өндіріп, ауқымды өндірістік тапсырмаларды орындап, Павлодар аймағының мыңдаған тұрғынын жұмыспен  қамтып, қуатты алюминий кластерін құрап отыр. Жарты ғасырлық тарихы бар Павлодар алюминий зауыты күн өткен сайын өсіп-өркендеп, дамып келеді. Былтыр  Павлодар алюминий зауыты (ПАЗ) - бәсі биік отандық «Алтын cапа» сыйлығына үміткерлердің тізімінде.