четверг, 16 мая 2024 г.
icon
440.9
icon
475.95
icon
4.82
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

«5 млрд рет тыңдалды»: Әнші Adam-ның «Жүрек» әні рекорд орнатты

Adam лақап атымен танылған әнші Фаррух Тохтамұратовтың «Жүрек» әні рекорд орнатып, әлемге таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/adamofficia1/
Фото: instagram.com/adamofficia1/

Әншінің қазақ тіліндегі алғашқы әні топ жарып, хитке айналды. Азғантай уақытта Еуропаны да, Қытайды да бағындырған ән Youtube желісінде 52 млн қаралым жинаған. Ал Shazam әлемдік рейтингісінде бұл туынды 13-орында тұр. Танымал TikTok желісінде «Жүрек» әні 5 млрд рет тыңдалған. 

«Менің алғашқы қазақ тілінде орындаған әнім. Ауылда жүргенде жазып едім. Өте танымал болып, көп тыңдалып жатыр. Ауылда тұрғанға не жетсін?! Бүкіл шабытың ашылады», — деген еді хит орындаушы.

Өнер иесі осы күнге дейін орысша әндер шырқаса да, дәл мұндай танымалдыққа ие болмағанын жасырмады. Ал қазір қазақша еркін сөйлейтін Фаррух Ирландия, Мадрид, Германия елдерін аралап, концерт беруге аттанбақ.

Айта кетейік, әнші Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген.

Что думаете об этом?
Нравится 10
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 1