Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ақпарат бойынша, 2020 жылғы 20 шілдеден бастап аймағымыздағы эпидемиологиялық ахуал жайлы ақпарат алу үшін call-орталығы жұмыс жасайды.
Call-орталығы 14 қызметкермен қамтылған және 24/7 тәртібімен, яғни тәулік бойы халыққа қызмет көрсетеді.
Қызылорда облысы бойынша 8-800-080-22-26, 40-00-01 call-орталығына хабарласу арқылы және «Facebook» әлеуметтік желісіндегі #Oblystyq Jastar Densaylygy Ortalygy парақшасына хабарлама қалдыру арқылы эпидахуал жайлы ақпарат алып, керіс байланыс орнатуға болады.
Қоңырау тегін қабылданады.
Бұрын жазғанбыз, Қызылорда облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі кездері, яғни, шілде айының бірінші 10 күндігінде тәулігіне 2 500-ден астам шақыртулар келіп, жүктеме екі есеге артқан болатын. Қазіргі таңда Сыр өңірінде шақыртулар саны тәулігіне 1200-1300-ді құрауда.
Одан бөлек, Қызылорда облысындағы ауруханаларда инфекциялық стационарда 645 орын болса, провизорлық стационарда 1 790 төсек орынмен қамтылған (барлығы 2 435 төсек орын). Бүгінгі күні ауруханаларда бос орындардың саны — 820. Ауруханаларда төсек-орындар 34 пайызға босады.