Қазіргі күні Қызылорда облысында стационарларда орын тапшылығы жоқ, егер қажеттілік туындаған жағдайда жеке клиникаларды да оңтайландырып пайдалануға келісімі бар. Бұл және эпидахуал туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазылов баяндады.
Сала басшысы айтауынша, Қызылорда облысындағы ауруханаларда инфекциялық стационарда 645 орын болса, провизорлық стационарда 1 790 төсек орынмен қамтылған (барлығы 2 435 төсек орын). Бүгінгі күні ауруханаларда бос орындардың саны — 820 (34% бос орын).
«Аймақтағы емханалар жанынан құрылған 161 мобильді топтың халыққа тыңбай қызмет етіп, үйден емдеу шараларын қолға алғаны арқасында жазылып шыққандар саны артуда», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Оған қоса 2020 жылғы 15 шілдеге дейінгі орындардың жүктемесі 77% қамтыған болса, 21 шілдеде төсек орындардың жүктемесі 66% құраған. Яғни ауруханада ем алушылар саны 9%-ға азайған.