Қызылорда облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі кездері, яғни, шілде айының бірінші 10 күндігінде тәулігіне 2 500-ден астам шақыртулар келіп, жүктеме екі есеге артқан болатын. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазылов мәлімдеді.
«Жедел жәрдем қызметінің артуына байланысты облыстағы барлық емханалар жанынан барлығы 161 мобильді топ құрылып, халыққа қызмет көрсетуде. Қазіргі таңдағы мобильді топтың жедел халыққа қызмет етуі әсерінен және ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны да азайды. Жедел жәрдемді жалпы шақырыс екі есеге азайса, дене қызуымен хабарласушылар үш есеге, пневмониямен шақыртулар 2,5 есеге азайды», — деді Сабит Пазылов.
Қазіргі таңда Сыр өңірінде шақыртулар саны тәулігіне 1200-1300-ді құрауда.