понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-3oC
×

Шығыс Қазақстан облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданған

Жылдар бойы ащщы су ішіп, мөлдір суға зар болып отырған ауылдар бар Шығыста. Әсіресе, шалғайда жатқан шағын елді-мекендердегі жағдай көпшілікке беймәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, халықты бірінші кезекте тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қабылданған арнайы бағдарламалар мен жұмыс жоспарлары бар. Бөлінетін қаражат көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, Шығыс Қазақстанда 2015 жылдан бері 8 есеге артқан. Нәтижесінде 240 мың адам таза ауызсуға қол жеткізді.

Жарма ауданындағы Қапай батыр ауылының байырғы тұрғыны Жанар Күзекбаева «үйімізге су келіп, көзіміз ашылғандай» дейді. Отанасы жылдар бойы сапасыз суды тұтынғандықтан балаларының денсаулығына алаңдайтын. Дегенмен былтыр күзде ауылдағы су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, әр үйге таза сапалы су жетті. Қапай батыр ауылында 500-ге жуық адам тұрады. Су мәселесін олар жылдар бойы көтеріп келген-ді. Былтыр салынған су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 6,9 шақырым. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бейбіт Мұхаметқалидің сөзінше құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны – 315,7 млн теңгені құрады. Мердігер компания – «Казпрофстрой холдинг» ЖШС. Былтырғы жылы, яғни 2020 жылы 30 қазан күні пайдалануға берілді. Ресми ашылу салтанаты 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі  мерекесі қарсаңында өткен.

Жармаға қарасты 51 елді мекен бар. Қазіргі таңда аудан халқының 94 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Қапай батырдағыдай су құбыры желілері мен шағын блоктік модуль станциялары қазір бірнеше ауылда салынып жатыр. «2023 жылға дейін ауданды 100 пайыз ауызсумен қамтимыз» дейді аудан әкімдігі. Қазіргі таңда Кіші Қарасу ауылында, Сұлусарыда мемлекеттік байқаулар өткізілуде. Ал Жарықтас сияқты шағын елді-мекенге блоктік модуль станциясы қойылады.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданған. Бөлінетін  қаражат көлемі де жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2015 жылдан 240 мың адам таза ауызсуға қол жеткізді. Тек былтырдың өзінде 152 жобаны жүзеге асыру үшін 71 млрд теңге қарастырылған.

«Қазіргі уақытта облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау көлемі 92,8 пайызды құрайды. Қала халқы – 98,6 пайыз, ал ауыл халқы – 83,2. Ауылдық елді мекендерді қамту көрсеткіші 77,5 процент,- дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алма Қайырқанова. 2021 жылы жалпы құны 55,2 млрд.теңге болатын 112 жобаны іске асыруға 25 млрд. теңге бөлінді. 30 құрылыс нысанын, 16 қайта құру нысанын іске қосу, 51 блок-модульдік станция орнату, 1 ұңғыманы қалпына келтіру жоспарланған. Бұл 49,6 мың адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді . Мамандар жыл соңына дейін сумен қамту көрсеткіші облыста 96,5 пайызды құрайды деп болжам жасап отыр. Бұл республикалық көрсеткіштен жоғары нәтиже. Жоспар бойынша аймақ жұртын сапалы ауызсумен қамту 2024 жылға қарай толық жүзеге асуы ықтимал.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0