Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ІХ Лаура шығармашылық фестивалі «Айналаға мейірім шаш!» ұранымен өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің мерекелік жиынына облыстық мәслихат хатшысы Бекмұрат Жүсіпов, облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Марат Молдағалиев құттықтау тілек білдірді.
Алтынайдың өлеңмен жеткізілген көпшілікті құттықтау сөзінен соң, Лаура Асырова № 2 арнайы жалпы білім беру мектебіне, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернатына, № 1, № 4 арнайы балабақшасына, Ақтау қаласының үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, Жаңаөзен үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне, Жаңаөзен арнайы білім беру мектебі және мектепке дейінгі ұйымдарға, № 3 арнайы білім беру мектебіне, Мұнайлы ауданы үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне, Абай атындағы арнайы сыныбына, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр поселкесіндегі үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне, Қарағия ауданы үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне, Шетпе түзету психолого-педагогикалық кабинетіне, Маңғыстау поселкесі үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне сертификаттар мен гүлдестелер, дипломдар мен жемістер, кәдесыйлар мен гүлдер тапсырды.
Салтанатты жиында «Каспий толқындары» фестивалінің жұлдыздары Меруерт пен Бақберген, №1 арнайы балабақша бүлдіршіндері, Мейірхан Аманғалиев, Аянат Мырзағалиева, Артур Жұматов, Тайыр Қарабалаев, Әзиза Нұрланқызы өнер көрсетті.
Жас өнерпаздарды қалалық мәслихат депутаты Қуаныш Есетов, облыстық мәслихат депутаты, «Ренессанс» GavrielConstantinos қонақүйінің директоры, Аббат Өрісбаев құттықтады.
Сахнаға тағы да өнерпаздар өрендер тобы Мерей Бекежан, Света Ғұмарова, Нұршат Яхиева, Мәдина Темір, Бекжан Имаммәдиұлы, Талап Құлжан Айханым Дәлубайқызы, т.б. шығып, көпшілікке қуанышты көңіл-күй сыйлады.