Бұл туралы ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ директорының міндетін атқарушы Мәди Бесбаев кеше Түркістанда өткен «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, облыстағы діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар тқрт бағыт бойынша жүргізіліп келеді екен. Атап айтқанда:
«Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін 1 облыстық, 15 қалалық, аудандық ақпараттық түсіндірме топтары қатарында 91 топшалар жұмыс жүргізуде. Жыл басынан ақпараттық түсіндірме топ мүшелерінің біліктілігін көтеру және ақпараттармен қаруландыру мақсатында 5 семинар-тренинг өткізілді. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарында ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Оның мақсаты – облыс тұрғындарының діни ауытқуларға қарсы иммунитетін көтеру. Облыстық, қала, аудандық топ мүшелері тарапынан облыс көлемінде жыл басынан бері барлығы 3168 кездесу өткізілді», - деді Мәди Бесбаев конференция барысында.
Айта кетейік, кеше Түркістанда өткен «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға өткен болатын. Оған түркі тілдес бірнеше елдің дін ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысуда. Басты мақсат – түркі тілдес елдер арасындағы рухани қатынасты дамытып, діни экстремизмге бірлесе төтеп беру. Жиын барысында баяндамалар оқылып, пікірсайыстар өткізіледі деп жоспарлануда.