Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкіметтік делегация келді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Делегация құрамында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, мәдениет және спорт, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері, сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік органдардың және даму институттарының жетекшілері бар. 

Алдымен Қызылорда су торабында болған Үкімет мүшелері Мемлекет басшысының тапсырмасымен көктемгі тасқын суды жинақтау және суармалы жерлердің аумағын ұлғайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.