Қызылордалық спортшылар көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионы атанды

Қызылорда қаласында көгалдағы хоккейден қыздар, ұлдар, ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының III-IV айналымы өтті.

Жалпы ел чемпионатының қорытындысы бойынша 68 ұпай жинаған қызылордалық «Қайсар» ерлер командасы көш бастады. Жамбыл облысының спортшылары 51 ұпаймен екінші, Батыс Қазақстан облысының командасы 38 ұпаймен  үшінші орындарғы ие болды.

Сондай-ақ, 37 ұпаймен жерлестеріміз «Қайсар» әйелдер командасы 1-орынды жеңіп алды. Орал қаласы (27 ұпай) екінші орынды еншілесе, Жамбыл облысының (25 ұпай) командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

2003 жылғы және одан төмен ұлдар арасында сырдариялық спортшылар бірінші орыннан көрінсе, Жамбыл облысы екінші, қазалылық спортшылар үшінші орындарға ие болды.

Ал қыздар арасында Қаратау қаласының командасы 1-орынды, Жамбыл облысы 2-орынды, Орал қаласының командалары 3-орынды иеленді.

«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Ғалымжан Әлиев («Қайсар» командасы) пен Иманкелді Мейрамбек (Орал қ.) «Үздік қақпашы» - Гузал Бахабаддин  («Қайсар» командасы), «Үздік жартылай қорғаушы» - Виктория Лятина (Орал), «Үздік шабуылшы» - Медет Әбжанқұлов (Тараз) марапатталды.

Қызылорда облысының командаларын жарысқа көгалдағы хоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.   

В статье: