Әнші Мәдина Сәдуақасова тойда ән айтамын деп сынға қалды. Жұрт оның ұйпа-тұйпа болған шашын талқылауда, деп хабарлайды Экспресс К.
Әншінің шаш үлгісі еліміздегі белгілі блогер Әйгерім Абдуллаеваның ұзату тойында талқыға түсті. 2 миллионнан аса оқырманы бар ол әнші Әділ Жалмағамбетке тұрмысқа шыққан.
Қалыңдықты әнші Мәдина Сәдуақасова ән айтып ұзатты.
Десе де, оның ұйпа-тұйпа шашын жұрт сынап жатыр.
«Ұйқысынан тұрып келе салған ба? шашын не істеген?»;
«Тарақпен ұрсып қалған сияқты, ұят қой мынау»;
«Мен де солай ойладым. Тарауға ерінген ғой»;
«Алдыңғы жағы әдемі болса, жарай береді деген шығар», — деген түрлі пікірлерін жазуда желідегі жұрт.
Әншінің шашынан бөлек, тойда заманауи әнге билеген қимылы да жұрт назарына түсіп отыр.
Тіпті Мәдина Сәдуақасованың киім үлгісі, ән ырғағына мүлдем сай емес дегендер де бар.